Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің шатырында жүрген балалардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Видео Instagram-дағы zhest_kz парақшасында жарияланды.
Кадрға қарасақ, балалар Лесная поляна шағын ауданындағы үйлердің бірінің шатырында жүр. Бұл аудан Ақмола облысына қарасты, бірақ елордаға өте жақын. Сонымен қатар, тұрғындарының көпшілігі Астанаға қатынап жұмыс істейді.
Бірнеше бала үйдің төбесінде жүгіріп жүр. Олардың біреуі төбеде аяғын салбыратып, шетке отырды.
Желі оқырмандары балалардың әрекетіне таңғалып, ата-аналарын жауапсыз деп сынады. Сондай-ақ олар осы аудандағы үйлердің төбесі ашық жататын да жазды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 6 көпқабатты үй салынады
Қостанайда болконы өртенген 10 қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді