Суданда белгісіз ер адам мешітте пышақпен шабуыл жасады. Салдарынан 3 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhambylnews АА Вaq.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, ол шабуыл жасамас бұрын сол жердегі адамдардан бірдеңе сұраған. Бірақ олар оның өтінішіне мән бермеген. Содан соң ол пышақ шығарып, адамдарға қарай оқталады. Кейін сол жердегі адамдар шабуылшының өзін өлтіреді.
Әзірге ешқандай топ шабуылды мойындамады. Қылмыскердің кім екені де анықталмады.