Биыл 27 наурызда Оттава қаласында Қазақстан Республикасы мен Барбадос арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы дипломатиялық ноталармен алмасу рәсімі өткізілді. Барбадос Қазақстан дипломатиялық байланыс орнатқан 184-ші, ал Латын Америка және Кариб бассейніндегі соңғы мемлекет болды.
«Барбадос Кариб бассейніндегі белгілі туристік бағыттардың бірі болып табылады және Солтүстік Америка мен Еуропаның ірі әуежайларымен әуе қатынасы бар. Барбадос Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан азаматтары бұл елдің аумағында 28 күнге дейін визасыз жүруге құқылы», — делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Дереккөз: Baq.kz