Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй өз портретін 110 фунт-стерлингке сатып алды. Бұл жайлы The Telegraph хабарлады.
Сурет Тереза Мэй Брюссельді Британияның Еуроодақтан шығу процесі басталғаны туралы хабарламаға қол қойып жатқанда түсірілген. Премьер-министр суретті 2017 жылдың желтоқсанында сатып алған.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы 29 наурызда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елді Еуроодақ құрамынан шығару рәсімінің басталғаны туралы ЕО билігіне хабар беретін хатқа қол қойған болатын.