Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында сүт өндірісі артты

0 6

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері жүйелі түрде жұмыс істей бастады. Нәтижесінде сүт өндірісі 105 пайызға өсті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Табысты жұмыс істеп тұрған ұжымның бірі «сұлутөрліктер». Былтыр жергілікті 31 отбасы бірігіп, 101 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Оған 362 бас сиыр сатып алып, қазір айына 50 тонна сүт өндіріп отыр.

Қуаныш Қошан, «Сұлутөр» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы:

«Барлығы сауын сиырлар. Былтырдан бері Меркенский сыр зауытпен жұмыс істеп келе жатырмыз тығыз. Жинап осы жерге. Биыл сиырлар жаңадан туып жатыр. Биылғы жоспарымыз біздің өзіміз өнім шығарайық деп жатырмыз қолдан. Басқа елдердің кооперацияға қызығушылығы көп болып, біз де сүт өткізейік, біз де сіздерге қосылайық деп жатыр».

Әркім өз сиырларын өз қорасында ұстап бағады. Алған несиенің өзіне тиесілі бөлігін ғана төлейді. Ал түскен пайданы өзі көреді. Кооперацияға біріккеннің арқасында жем-шөпті төмендетілген бағамен алып, өткізген сүттің әр литрына 10 теңгеден субсидия алады. Бұл ауылдық ағайынға отбасылық бизнеске айналған.

Асхат Әлібаев, Құлан ауылының тұрғыны:

«6 пайызбен несие алғанбыз. Соның арқасында малды бағып, бала-шағамызбен жұмыс істеп жүрміз. Сиыр сауамыз. Отбасымызбен жайғаймыз. Жаман емес. Ақырын-ақырын болып жатыр. Сүтін сауып өткіземіз».

Жалпы ауданда кооперацияларға 516 миллион теңгеге 2900-ге жуық ірі қара мал сатып алынған. Қазір жеке үй іргесінен құрылған 8 ауыл шаруашылығы өндірістік  кооперативтерінің 4-і етті, 1-і сүтті бағытта жұмыс істеп жатыр. Үшеуі қаржыландыру кезегін күтіп тұр.

Ерғазы Еспенов, Т. Рысқұлов ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

«Олар 2017 жылы қаржыландырылған. 2018 жылы өнім береді. Қазірден бастап сүт өндіріп жатыр. Қазір 2 айдың өзінде сүтіміз 105 пайызға, етіміз 107 пайызға былтырмен салыстырғанда артып отыр».

Жалпы облыста жеке үй шаруашылықтарының бірігуімен 200-ге жуық кооператив құрылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.