Қордай ауданында жоғары рентабельді дақылдарды егу қолға алынған

0 15

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жоғары    рентабельді     дақылдарды   егуді   қолға   алынып,  өткен   жылмен   салыстырғанда  жүгеріні    4900   тонна,   қант   қызылшасын    5000   тонна, картопты  9800  тонна,  көкөніс   пен  бақшаны 13200  тоннаға  артық өндіру көзделуде.

Есептегі  жылмен салыстырғанда 1750 тоннаға, сүтті 2089 тоннаға, жұмыртқаны 570 мың данаға, жүнді 34 тоннаға артық өндіру көзделуде.

2018 жылы шетелге  400 тонна ірі қара еті және 121 тонна қозы етін экспорттау жоспарда. Облыстағы дайындаушы мекемелер «Тараз ПОШ», «Таразкожобувь» және аудандағы «Камшат Әсел», «РЗКВТ» ЖШС-іне 381 тонна жүн, 12147 дана ірі қара мал терісі өткізілуі тиіс.

Елбасымыздың биылғы жолдауының 3 бағытында айтылғандай ауыл шаруашылығына ақылды технологияларды және цифрландыру бағытында Масаншы ауылында «Грин Вилл» ЖШС-і 400,0 млн теңгеге 1 гектар алқапқа өндірістік үлгідегі автоматтандырылған 5-ші жылыжай кешені салынады.

Онда тамшылатып су беру, түрлі дәрі дермектер мен тыңайтқыштар беру, жылыжайдың температурасын қыста, жазда қалыпты ұстап тұратын автоматты қондырғылау орнатылады.

Биыл сүт өнімінің көлемін арттыру мақсатында Германиядан 200 бас асыл тұқымды «Швиц» сиырлары сатып алынды. «Қақпатас-Қордай» ЖШС –і Швейцариядан 600,0 млн теңгеге «Делловел» компаниясымен сүт фермасына арналған бір мезетте 24 бас сиыр сауатын автоматты қондырғыларды орнатты. Бұл қондырға әр сиыр бойынша компьютер сүттілігін, майлылығын, температурасын денсаулығын анықтап отырады.

Сарыбұлақ ауылында «Самгау» ШҚ 187,0 млн теңгеге алынған «Джон Дир» тракторы пайдалануда. Бұл комплекс спутник арқылы қанша жанар – жағар май жұмсалған, өнделген жер көлемін, себілген тұқымды көрсетіп отырады.

Ауқымды жобаларды орындап, жақсы өнім алған жағдайда ауданның жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 50 млрд. теңгеге жетеді деп болжаланып отыр.

Жамбыл облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын орындау үшін 5500 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайта айналымға қосылады.

Сонымен қатар, 1991 жылдан бері айналымнан шығып қалған егістік алқабын ұлғайту үшін 4000,0 гектар жерлер егістікке ауыстырылып, көлемі ұлғайтылады.

Өткен 2017 жылы 4439,4 гектар егістік жерлердің пайдалынылмай жатқаны анықталып, жер инспекциясы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта Жамбыл және Қақпатас ауылдық округтері бойынша жайылым жерлердің пайдаланылуына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.