2018 жылы Қордай ауданында екі мектеп қолдануға беріледі

0 6

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

2017 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 155,4 пайызды құрады.

Облыстық бюджет есебінен аудандағы  Көктөбе және Соғанды ауылдарындағы апатты жағдайда тұрған мектептері бұзылып, қайта салуға 357765 мың теңге бөлінген.

Тағы екі негізгі мектептердің  орнына 50 орындық 2 мектеп құрылысы жүріп жатыр. Аяқталу мерзімі 2018 жылдың 25 тамызына белгіленіп отыр.

Сонымен қатар, 61753 мың теңгеге Шарбақты ауылында мектеп жанынан спорт залы салынып, қолдануға берілген.

Сортөбе ауылындағы жаңа жеке тұрғын алқабына инженерлік — коммуникациялық инфрақұрылымы пайдалануға берілген.

2018 жылы құрылыс жұмыстарына  22015 миллион теңге жұмсау   жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.