Биыл 14 мыңға жуақ адам шағын несие алуы мүмкін

0 2

Елімізде шағын несие алушылар саны екі есе өседі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Bnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты жұмыспен қамты және нарықты дамыту департаменті директорның орынбасары Ерболат Абулхатин Мемлекет басшысының төртінші бастамасы, шағын несие көлемін арттыруға бағытталған жұмысының жүзеге асырылу барысын айтып берді.

«2018-2021 жылдарға арналған бюджетте шығын несиелендіруге 42 млрд теңге бөлінді. Жалпы осы бағытқа бөлінген қаражат көлемі 64 млрд құрайды. Қосымша бөлінген қаражаттың 14 миллиарды ауыл тұрғындарын қаржыландыруға, ал алты млрд теңге қалаларға бағытталады. Ауылдар мен қалаларға арналған қаржыны дифференциалды тәсілмен бөлу қарастырылып отыр», — деді Ерболат Абулхатин Үкіметте шағын несие көлемін арттыруға бағытталған жұмыстың жүзеге асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында.

Өз сөзінде ол өткен жылы жеті мыңнан астам адам шағын несие алғандарын жеткізді.

«Оның ішінде ауылдық жерлерде – 6791 адам, ал қалған қаржыны қала тұрғындары алды. 4127 адам өз бизнесін ашуға несие алды», — деді Ерболат Абулхатин.

Ведомствоның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы шағын несие алушылар саны екі есе ұлғаяды.

«14 мыңға жуық адам шағын несие алады деп отырмыз. Осының нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылады. Өткен жылы 7200 шағын несие алынып, нәтижесінде үш мыға жуық адам жаңа жұмыс орны ашылды», — деп атап өтті Ерболат Абулхатин.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.