Россельхознадзор өңірдегі басқармаларына Қазақстаннан келетін сүт өнімдеріне бақылауды күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Россельхознадзор жүк тауарларына сараптама жүргізу барысында, 2018 жылдың алғашқы үш айында Қазақстаннан Ресейге 4041 тонна сүт өнімі жеткізілгенін анықтаған. Бұл жүктің көлемі соңғы 5 жылда жеткізілген көлемнен жоғары болып саналады.
Осыған дейін Ресейдің ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачев сүт өнімдерін шығаратын беларусьтік кәсіпкерлерге басқа нарық іздеуге кеңес берген болатын.