Қазақстанда ет бағасы жылдам қымбаттауда

0 2

Ет бағасының жылдық өсімі 8-10% құрап отыр. Ал азық-түлік тауарларының дәл осындай орташа өсім көрсеткіші небәрі 5,5% құрап тұр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар үшін ет бірте-бірте қымбатқа түсіп жатыр. Бір жыл ішінде сиыр еті бағасы қатты қымбаттаған. Яғни, 9,9%-ға қымбаттап, бір килограмм сиыр етінің құны 1481 теңгені құраған. Ал қой етінің бағасы 9%-ға артып, бір килограмм үшін 1390,1 теңге шамасында болған. Шошқа еті мен жылқы еті сәйкесінше 8,8%-ға қымбаттап, бір килограмм үшін 1254,3 теңгені және 8%-ға қымбаттап, бір килограмм үшін 1619,9 теңгені құраған.

Тек тауық етінің бағасында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Себебі, тауық еті бар болғаны 0,4%-ға қымбаттап, бір килограмм үшін құны 745 теңге шамасында болған.

Сиыр еті мен қой етінің ең қымбат бағасы Астанада тіркелген. Бұл ет түрлерінің бір килограмм үшін құны сәйкесінше 1666 және 1720 теңгені құраған. Ал ең қымбат шошқа етін жезқазғандықтар сатып алатын болған. Мұнда еттің бір килограмы үшін баға 1463 теңге шегінде болған. Сол сияқты Қарағандыда жылқы еті қымбат (бір килограмы 1841 теңге) болса, Атырауда құс еті қымбат (бір килограмы үшін 890 теңге) күйінде сақталған.

Ет өнідірісі күн артып өсіп келеді. 2 айдың ішінде шығарылым көлемі 41 мың тоннаға жеткен. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 12,8%-ға артық. Ет өндірісінің үлкен көлемі Алматы, ШҚО және Ақмола облыстарында тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.