Тимур Құлыбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

0 1

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Жамбыл облысына жұмыссапармен келді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес отырысына қатысып, кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.  2013-2017 жылдар аралығында бизнестің құқығын қорғау бағыты бойынша 22 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 40%-ы оң шешімін тапты. Кәсіпкерлерге тиесілі құны 92 млрд. теңге болатын мүлік қорғалған.

Бұл жұмыстар Жамбыл облысында да жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы өңірлік палатаға 162 өтініш түссе, оның 59-ы оң шешімін тапқан, 2,5 млрд теңгенің мүддесі қорғалды. Кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, жағдай жасау үшін Тараз қаласында «бір терезе» бойынша жұмыс істейтін «Кәсіпкерлер үйі» ашылды.  

Кәсіпкерлерге 2017 жылы 4730 сервистік қолдау қызмет көрсетілген. Олардың 3392-і шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері.  Кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында «Атамекен» ҰКП «Бастау» жобасын ұсынған болатын. Бұл жобаға Жамбыл облысының 6 ауданынан 1125 адам қатысып, оның 296-сы жеке ісін ашты. Биыл өңірдің барлық аудандарынан 2347 адам қатысып, оның 469 қатысушысы қаржыландырылады деп күтілуде.

2016 жылдың тамызында ашылған «Атамекен Тараз» МҚҰ  502 миллион теңгеге 114 кәсіпкердің жобасын қаржыландырып үлгерді. Оның ішінде 43 қатысушы «Бастау» жобасы арқылы несие алғандар.  60-тан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Кездесу барысында кәсіпкерлер толғандырған сауалдарын қойып, мәселені шешудің жолдарын қарастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.