Қазақстандық интернет сауда желісінде үздік оқығаны үшін берілетін “Алтын белгі” төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады. Желідегі саудаға байланысты Білім министрлігі түсініктеме берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Tengrinews.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Желіде “Алтын белгісін” саудалағын автор Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол білім үздіктеріне берілетін төсбелгіні 500 мың теңгеге сататынын жазған.
ҚР Білім және ғылым министрігінің айтуынша, төсбелгісін сату заңмен тыйым салынбаған.
“Бұл төсбелгі меншікті зат. Оны иеленушінің сертификатта аты-жөні жазылып арнайы табысталады. Сондықтан оны, басқа біреуге табыстау немесе сыйлау мүмкін емес. Төсбелгі тек коллекционерлерге керек болуы мүмкін ”, – деп хабарлады ведомства.
“Әрине, төсбелгі сатуды құптамаймыз. Бірақ, бұны заңмен қудалай алмаймыз”, – делінген хабарламада.