Массачусетс технологиялық институтында адамның ойларын оқитын құрылғы пайда болды. American University инженерлерінің зерттеуі туралы Science Daily жазды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
«AlterEgo құрылғысы адамның айтатын сөздерін оқи алады. Бұл құрылғы ауызша сөйлеу арқылы нейроталшықтарының сигналдарын жазады. Нейрондық желі сигналдарды арнайы сөздермен салыстырып, талдау жасайды», — делінген мақалада.
Зерттеу барысында, бірқатар сынақтар өткізілген. Баяндамада шахмат ойынымен жасалған тәжірибе сипатталған. Ойыншы қарсыласының жасайтын әрекетін ойша компьютерге жіберіп, жақсы қадамдардағы жауаптар алған.
AlterEgo-ны жасаушылар, бұл құрылғыны әскери мақсатта және денсаулық сақтау жүйесінде, когнитивті бұзылыстары бар адамдармен байланысу үшін пайдалануға болады деп санайды.
Бұған дейін Калифорния университетінің ғалымдары да адам ойларын оқуға арналған құрылғы жасаған. Сарапшылардың айтуынша, бұндай құрылғылар сөйлей алмайтын адамдарды жаттықтырып, дыбыс шығару мүмкіндігіне үйрете алады.