Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ міндет

0 13

Қаржы басқармасы департаментінде өткен жиында мамандар қызметкерлерге ағымдағы жылы атқарылған профилактикалық жұмыстардың есебін баяндап,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын түсіндірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап. 

Жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Онымен күрес жұмыстары да қолға алынуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған деген төзімсіздікті қалыптастыру мақсатында қаладағы мемлекеттік органдардың барлығында арнайы профилактикалық жұмыстар басталды.

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент 899 іс-шара өткізген. Одан бөлек  арнайы  мобильді топ құрылып, 400-ге жуық кездесу ұйымдастырылған.

Халық көп шоғырланатын орындарда акциялар мен түрлі ақпараттық насихат жұмыстары. Рейдттік іс-шаралардың нәтижесінде  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 16 қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.