Мұрат Үмбеталиевтің босап шығуына не себеп?

0 2

2017 жылдың 9 тамыз күні сол кездегі Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың баласы магистратураны аяқтауына байланысты «ESPERANZA» кафесінде той өткен болатын.

Тамыз айының 10-шы жұлдызында сағат 00.00 шамасында Н.Қалметов, М.Үмбеталиев, М.Жетпісбаев, Е.Бектұрғанов кафенің сыртында сыра ішіп тойды талқылаған. Сол уақытта бір жақтан М.Үмбеталиев, екінші жақтан М.Жетпісбаев пен Е.Бектұрғанов араларында дау шығып, ерегіс басталып кетеді. Дегенмен той иесі ерегісті ушықтырмай тоқтатып тастайды. Екі жақ тарқамай тұрғанда Ерлан Бектұрғанов Мұрат Ізбасарұлынан кешірім де сұраған екен. Ал Үмбеталиев оның кешірімін қабылдамай қойған.

Сол оқиғадан кейін той иесі Нұржан Қалметов үш қонағын үйлеріне қайтарып жіберген. Түнгі сағат 02.30 шамасында Бектұрғанов Үмбеталиевке өзі хабарласып, болған кекілжінді шешу үшін кездесейік деп шақырады. Осыдан кейінгі сәт ғаламтор арқылы бүкіл Қазақстанның назарына түсті. Дегенмен оған әркім әр түрлі баға беріп отыр.

Ал Жамбыл облыстық мамандырылған қылмыстық соттың судьясы Жамбыл Жұмабеков Мұрат Үмбеталиевті 15 жылға бас бостандықтан айыру туралы қаулысы шыққан еді. Бұл қаулыға келіспеген айыпталушының адвокаттары апеляциялық шағым түсіріп, қылмыстық істің жеңілдеуіне әсер етті. Бұлайша айтқанда істі жеңіп шықты. Істі қайта қараған судьялар Н.Абидов, М.Атибеков, С.Яковлева Үмбеталиевке қатысты істі 15 жылдан 5 жылға қысқартып, 5 жыл бойы пробациялық бақылауда болатындығы туралы қаулы шығарып берді.

Нәтижесінде айыпталушы сот залынан босап шықты. Жәбірленушілер айыталушыларға ешқандай кінә артпайдықтарын сот залында айтып кеткен болатын. Сотта М.Үмбеталиев өз әрекетін ашу үстінде жасағандығын, ешкімді өлтіргісі келмегендігін және оқиғадан кейін қалалық емханаға барып жәбірленушілердің хәлдерін біліп, той иесіне хабарласып барлық жәйттерді түсіндіргенін жеткізді.

Ал енді осы істі сараптап көрсек, Мұрат «Бамбук» Үмбеталиев Марсель Жетпісбаевқа «ауыр жарақат» салғандығы әсерінен ол жансақтау бөлімінен бірақ шаққан. Және де оның қаруы бір милиметр оңға алғанда жүрегіне тиіп, сол жерде қаза болып кетер еді. Ал, Ерлан Бектұрғановтың пышақпен мойнына жасалған соққыдан кездейсоқ шалқалап құлағандығы аман қалдырып отыр.

Мұраттың адвокаттары апеляциялық сотта айыпталушы жәбірленушілерді өлтіргісі келсе сол кезде ісін аяқтап тастайтындығына судьялардың көздерін жеткізіп, әрекетті тек ашумен жасалынғандығын және Жамбыл облысы ішкі істер департаменті ардагерлерінің хатын ескерулерін сұраған болатын. Судьялар «гуманизмді» қосып экс-полицейлердің басшысын пробациялық бақылауға алды.

Үмбеталиев темір торға жабылғанда оны жағдайы не болар еді?! Әрине, оны өзі қамаған «блатнойлардың» бәрі күтіп отырғаны айтпаса да түсінікті шығар?! Ол жақтан Мұрат аман-сау шығуы екі талай еді. Сондықтан ол өз ісін барынша жеңілдетуге бар күшін салды деп есептейміз.

Тоқмади ісі бойынша қаржылық бақуаттылық әсер еттіме кім білсін?! Оны да жоққа шығара алмаймыз. Бірақ осы жәйттар үш үйдің шаңырағын ортасына түсірмей, басқа шаңырақтардың шайқалмауына әсер етпесе екен деп тілейік. Буыны қатаймаған полицейлердің ашуға булықпай, бір-бірілеріне кешірімді болуларын және ағаларының қателіктерін қайталамайтын шығар деген сенім бар.

Дереккөз: Туранинфо

Leave A Reply

Your email address will not be published.