BMW жүргізушісіз басқарылатын көлік шығармақ

0 0

Германияның BMW автомобильдік концерні жүргізушісіз басқарылатын көлік шығармақ, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Компания осыған байланысты Мюнхен жанынан ғылыми-техникалық қалашық салуды көздеп отыр. Құрастырушылардың айтуынша, бұл көліктер 2021 жылдан бастап сатыла бастайды. Қазір жоба сынақтан өткізіліп жатыр. Жүргізушісіз басқарылатын көлікті үйден шықпай-ақ, мобильді қосымша арқылы басқаруға болады. Және автомобиль қауіпсіздік белбеуін таққан кезде ғана оталады.

Дирк Виссельманн, BMW концернінің өкілі:

– Бұл көлікті 10 жылдан бері құрастырып келеміз. Ең алғашқы нұсқасы 2006 жылы халық назарына ұсынылған еді. Ол жол таңдамайды. Ендігі жоспар – оларды нарыққа шығару.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.