Электронды форматқа көшкен Қызылорда мектептері планшеттермен қамтылды

0 2

Қызылорда облысы мектептерінің 82 пайызы кең жолақты ғаламторға қосылған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Білім беру ұйымдарын интернетпен толық қамту келер жылдың еншісінде. Жалпы аймақтың ағарту саласы бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды алты бірдей жоба жүзеге асырылып жатыр.

Оқушы күнделігі, сынып журналы және оқу бағдарламасы барлығы электронды форматқа көшіп жатыр. Бұдан ұтарымыз мұғалімдер алдымен қағазбастылықтан құтылады. Өзара келісіп, оқушы үлгерімін көтермелеудің де жолы кесіледі. Аймақта осы жүйеге көшкен мектептерге арналып, 2 мыңнан астам планшет сатып алынды. Жалпы ұстаздар қауымы ауқымды жобалардың тиімділігінен көп үміт күтіп отыр.

Бағдат Бердәулетов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Облыстағы балабақшаларды электронды жүйеге қосу, электронды жүйесіне қосылған мектептерді арнайы планшеттермен қамтамасыз ету. Арнайы білім алуға қажеттілігі бар ерекше балаларға онлайн сабақ ұйымдастыру. Облыстағы 9 оқушылар үйін 3D зертханамен жабдықтап, облыс орталығындағы Оқушылар сарайы базасында әдістемелік орталық IMAQORDA құру мақсатында облыстық бюждеттен 660 млн теңге бөлініп, жобалар іске асырылып жатыр.

Цифрландыру оқу үдерісінің барлық сатысынан көрініс тауып отыр. Бұл ретте тек Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалардан бөлек жергілікті мамандар даярлаған әдістемелік құралдар да енгізілу үстінде.

Өтеміс Рахатов, облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының маманы:

– Әдістемелік материалдардың барлығын көшіріп алуға болады. Бәрі тегін, сабақ барысында қолдануға болады және оқу орталығында ашылған Youtube каналы бар. «УчтуҚызылорда» деп аталады.

Заманауи ақпараттық жүйелерді өңір колледждері де қолданып жатыр. Мәселен, арнайы оқу орындары робототехника жасау орталығын ашып, студенттерді 3D форматта модельдеуге баулу үстінде.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.