Дүниежүзілік денсаулық күнінде ДДСҰ әлемдік қоғамдастық назарын медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселесіне аударуды жөн санапты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Осыған орай, жыл сайын 7 сәуір Денсаулық күніне орай Жамбыл медициналық колледжінде спорттық іс-шара өткен. Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ денсаулығына жауапкершілікпен қарау арқылы денсаулықты сақтау және жақсарту мақсатында өтті.
Шара барысында білімгерлер арасында спорттық би сайысы өтіп, сонымен қатар, қалалық колледждердің қыздар арасында волейбол бойынша және ұлдар арасында кіші-футболдан жарыстар түрінде жалғасты.
Нәтижесінде кіші футболдан І-орынды Жамбыл политехникалық колледжі иеленсе,ІІ-орынды Тараз химия-технология колледжі, ІІІ-орынды «Парасат» колледжі қанағат тұтты. Қыздар арасында воллейболдан І-орынды Жамбыл медициналық колледжі, ІІ-орынды «Парасат» колледжі, ІІІ-орынды Абай атындағы педагогикалық колледжі алды.
Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.