Жамбыл облысы бойынша жылдық инфляция деңгейі соңғы бір жылда 6,7% деңгейінде қалыптасқан, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Ал, облыс халқының нақты ақшалай табысының өсімі 2017 жылғы 4 тоқсанда 2,4% құраған.
Жемістер мен көкөністер, бензин және көмір бағасының өсуін ескермейтін базалық инфляцияның көрсеткіші 2018 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша 6,1% құраса, 2017 жылдың соңында бұл көрсеткіш – 6,6% болған.
Инфляцияның құрылымында ең көп қымбаттағаны азық-түлік емес тауарлар – облыс бойынша жылдық 8,4%, азық-түлік тауарларының және ақылы қызметтердің облыс бойынша жылдық баға өсімі сәйкесінше 6,3% және 5,5% құрады.
Бүгінгі күні халықтың инфляциялық күтулері өзінің бірқалыпты төмендеуін жалғастыруда. Наурыз айында халыққа жүргізілген сұраудың нәтижесі бойынша бір жыл бұрын күтілетін инфляцияны бағалау 2017 жылғы қараша айындағы ең жоғарғы 7,7%-дан 5,8%-ға дейін төмендеді.