Алматы облысында латын графикасын үйрететін курс ашылады

0 1

Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы латын графикасын үйрететін курс ашпақ, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Оны оқу-әдістемелік орталық іске асырады. Бұл жерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тегін үйрететін курстар бұрыннан бар. Тіл үйренсем деп келетін талапкерлер енді латын графикасын да меңгеруге мүмкіндік алмақ. Қазір мұнда тіл мамандары мен сарапшылар жиі бас қосып, тұрғындарға латын әліпбиіне байланысты ақыл-кеңестерін айтуда.

Жанар Жұмабаева, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері:

– Мұндай ұйымдастыру жұмыстары басқа да өңірлерде өту керек. Себебі халық, оқушылар, мұғалімдер, студенттер латын графикасымен таныс болу керек.

Айдар Башбаев, Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

– Қазақ тілі жазуының латын графикасындағы емле-ережесі дайын болған кезінде біздің осы орталық барша азаматтарды латын графикасындағы әліпбимен оқытуға толықтай дайын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.