Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,44 теңгеге арзандап, 504,60 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 512,81 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,31 теңгеден сатып алынады, 506,65 теңгеден сатылады. Еуро 591,53 – 598,81 теңге, ал рубль 6,40 – 6,54 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,16 теңгеден сатып алынады, 75,01 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 499,78 теңгеден сатып алынады, 506,78 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу — 585,43 теңге, сату — 595,43 теңге;
– рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,52 теңге.
– юань: сатып алу — 72,60 теңге, сату — 77,13 теңге.
Еске салайық, 25 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,34 теңгеге қымбаттап, 512,81 теңге болды.