Мерекеде шетелге шыға алмай қалмаңыз

0 2

Мерекелер қарсаңында көптеген азамат шетелге сапар жоспарлайды. Шекарада кездесіп қалатын қиындықтар мен шектеулердің алдын алу үшін шетелге шығуға тыйым бар-жоғын алдын ала тексеріп алу қажет.

eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеруге арналған онлайн-қызмет қолжетімді. Тексеру мынадай тізімдер бойынша жүргізіледі:

• шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізілімі,
• атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі.

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында онлайн алуға болады.

— «Қызметтер» батырмасын басқанда «Саяхат, шетелде тұру және эмиграция» — «Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру» қызметін таңдап, ЖСН еңгізіп, «Тексеру» батырмасын басасыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Қазақстанға 7,5 миллион шетелдік саяхаттап келген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.