Бүгін әскери полицияға 21 жыл толды

0 12

Бірінші рет ҚР Президентінің «Құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» 1997 жылдың 22 сәуіріндегі 3465-ші Жарлығына сәйкес, Қорғаныс және Ішкі Істер министрліктерінде әскери полицияның жеке құрылымдары құрылды. ҚР ҚК мекемелері мен әскери бөлімдерінде құқық бұзушылық пен әскери қылмыстың алдын-алу, анықтау және жолын кесу мақсатында құрылған әскери полиция жасағына 21 жыл толуына орай Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Today.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Салтанатты жиында Алматы  өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының гарнизондық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруға қатысу, дала жаттығулары өткізілетін аймақта коменданттық қызметті қамтамасыз ету, ұзақ жолға әскери техниканы жеткізуге көмектесу, қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен әскериді іздеу және тағы да басқа маңызды жұмыстарға тартылмаған әскери полиция қызметкері кемде-кем шығар. Әскери полиция қызметкері әскердегі тәртіп пен талаптың, тәлім мен тәрбиенің үлгісі бола білуі керек. Құрылғанына 21 жыл  болған әскери полицияның басты мақсаты — әскерилердің құқығы мен заңдылық мүддесін қорғау. ҚР ҚК әскери полициясының жеке құрамы өз күші мен мүмкіндіктеріне қарай және заңдарға сүйене отырып, еліміздің одан әрі өсуі мен өркендеуіне бағытталған нормативті актілерді, өзге жетекші құжаттарды, Конституцияның барлық аспектілерін жүзеге асыру.

«Біздің абыройымызды арттыратын істер көп. Соның бірі — былтыр Ресейде өткен Халықаралық Армия ойындарында кинологиялық байқауда 2 орынды иелендік. Біздің кинологиялық бөлім  жарылғыш заттарды іздеу  бойынша кинолог-мамандарға арналған кәсіби біліктілік курсына қолдау көрсету мақсатында АҚШ елшілігінен алғыс xат алдық», – деді Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының бастығы  полковник Ерділдә Ршауов.

Сонымен бірге, ол барлық әскери полиция жасағының қызметкерлерін ҚР ҚК Бас әскери полиция бастығы полковник Б.Лекеровтың  құттықтауы мен алғыс xаттарды табыс етті. Жиын соңы салтанатты концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.