Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, тұман, екпінді жел сақталады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі, 23 сәуірде Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел күшейеді. Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді.