ОҚО-да мақта егу науқаны басталды

0 9

Биыл Мақтаарал ауданында 95 мың гектар алқапқа ақ алтын дәні себіледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол үшін 3 мың тонна тұқымдық шит дайындалған. Бүгінге дейін шаруалар 3270 гектар жерге мақта шитін егіп үлгерді. Ал мына өндірістік кооператив биыл 500 гектарға мақта егеуді жоспарлап отыр. Оның 100 гектарына Түркиядан әкелінген өнімділігі жоғары жаңа сұрып егіп көрмек. Мамандардың айтуынша, жергілікті мақта гектарына 25 центнерден, ал шетелдік тұқым 40 центнерге дейін өнім береді. «Жергілікті «Мақтаарал 47/11» сұрпынан да гектарына 35 центнерге дейін өнім алуға мүмкіндік бар, – дейді диқандар. Шаруашылықта мақтаның бұл түрі 200 гектар алқапқа себіледі. Ендігі мақсат – көктемнің әрбір жаймашуақ күнін тиімді пайдаланып, мамыр айына дейін мақта шитін толық сеуіп үлгеру.

Шоғы Есенов, өндірістік кооперативтің бас агрономы:

— Түркиялық сортты егуді жоспарлап отырмыз. Бұның бір артықшылығы, өнімді жақсы береді. Сонымен бірге биыл 30 гектар жерге Қытайдан әкелінген сортты егіп көрмекшіміз. Оның да өнімділігі жақсы. Сонымен бірге кооперативте тұқым шаруашылығы бар. 250 гектар жерге тұқым дайындау үшін мақта егеміз. Содан келесі жылы диқандарға бірінші репродукциялы тұқым дайындап береміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.