Төреғалимен ренжіскен Жан Мұқанов оны үшінші рет әке атануымен құттықтады

0 3

Төреғали Төреәлімен ренжісіп, ат құйрығын кесістім деген продюсер Жан Мұқанов әншіні үшінші рет әке болуымен құттықтады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА

«Төреғали үшінші рет әке атанып отыр! Біздің арамыздағы болған түсініспеушіліктердің балаларға ешқандай қатысы жоқ. Бала – өмірдің мәні, біздің болашағымыз. Төреғали мен Толқын, бақытты болыңдар! Әсіресе Төреғалидің анасын құттықтағым келеді. Ол кісі Төреғалидің өміріндегі ең жақын жандардың бірі. Ақша бірде бар, бірде жоқ. Қолдың кірі. Өмір өз ағынымен өтіп жатыр. Мен оның жұлдызының қашанда жарқырап тұруын тілеймін! Ол отбасының тірегі, қамқоршысы. Барлықтарыңызға бірлік пен татулық тілеймін. Жақындарымыздың қадірін түсініп, кешіре білейік! Ұлы даланың ұлылығын ұлықтайық!» – деп жазды Жан Мұқанов Instagram желісіндегі парақшасына

Айта кетейік, Жан Мұқанов пен Төреғали Төреәлі біраз уақыт бірге жұмыс істеген еді. Кейін түрлі себептермен екеуінің арасындағы шығармашылық байланыс үзілген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.