Байқауға облыс аумағындағы газет, журнал редакцияларының, интернет басылымдарының, теле-радиоарналардың және ақпараттық агенттіктердің журналистері және блогерлер қатыса алады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
2018 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейін БАҚ-та жарық көрген мақалалар, бейнематериалдар қабылданады.
Жарияланған материалдар келесідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:телеарнадағы және радио шығарылымдар — компакт-дискідегі жазылыммен, ал баспа бетіндегі жарияланымдар — газеттің түпнұсқасының көшірмелерімен, ақпараттық порталдар мен агенттіктерде орналастырылған материалдар — web – адресіне сілтемесі көрсетілген web -парағының көшірмесімен.
Ұсынылған материалдар байқау комиссиясына конвертте ұсынылады. Кері байланыс мәліметтері көрсетілуі міндетті. Материалдар «Байқауға» деген белгімен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына мына мекен-жай бойынша жолданады: Тараз қаласы, Достық алаңы, 1 (3 қабат) немесе электронды пошта арқылы baq-2016@mail.ru,anticorruptiontaraz@mail.ru.
Материалдарды қабылдау 2018 жылдың 31 мамырына дейін жүргізіледі.
Анықтама телефондары: 8/7262/45-55-73, 43-04-65, 43-88-49.