Қоғамдық көлік жүргізушісі есірткімен ұсталды

0 12

Семей қалалық ІІБ Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 51 жастағы автобус жүргізушісінен марихуана есірткі затын тауып алды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«17 ақпан күні Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі саудасының алдын алу мақсатында тексеру жүргізеді. Нәтижесінде «Жансая» аялдамасында «Шаулинь» маркалы автобус жүргізушісінен салмағы 18 грамм болатын марихуана тәркіленді. Ал тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде тағы 2,50 грамм есірткі заты алынды», -делінген хабарламада.

51 жастағы автобус жүргізушісі бұрын да заңсыз есірткі саудасымен айналысқаны үшін жауапқа тартылған. Қазір аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 1-тармағы, 296-баптың 1-тармағы бойынша іс қозғалды.

Айта кетейік, 2018 жылдың тек бірінші жартысында Семейде заңсыз есірткі бизнесіне қатысты 70-тен астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.  Нәтижесінде заңсыз айналымнан 58 кг түрлі есірткі заттары алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.