2018 жылы ҰБТ-да қандай өзгеріс болады

0 11

Ағымдағы жылы 200-ден астам мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестіні ағылшын тілінде тапсыруға ниет танытып отыр. Бұл туралы халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ағымағы жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесі өзгерген жоқ. Дегенмен, тест тапсырушыларға ыңғайлы болуы үшін аздаған түзетулер енгізілді. ҰБТ бес пәннен тұрады: үшеуі міндетті және екеуі таңдауы бойынша. Бүгінгі күні тест тапсырмалары базасының 50 пайызы жаңартылды. Сонымен қатар, ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыруға мүмкіндік беріледі. Қазірдің өзінде шамамен 200 адам жазылды», — деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.