Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы қымбаттай түсті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сауда қорытындысына сәйкес, Brent маркілі мұнайдың бағасы маусымдағы жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,14 долларға қымбаттап, баррелі 74 доллар болған.
WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,35 долларға қымбаттап, баррелі 68,05 долларға жетті.