Таксист әйел жолаушыларын қылқындырып, қарақшылықпен айналысқан

0 18

Алматыда таксист әйел жолаушыларына қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан. Бұл туралы қалалық соттың сайтында хабарланды, — деп жазады «Zhambylnews» АА  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2017 жылдың қазанында сотталушы Г. белгісіз біреумен алдын ала келісім бойынша жеке тасымалдаумен айналысып, А. және Н. деген жолаушыларға шабуыл жасаған, оларды жіппен қылқындырып, дене жарақатын салып, мүлкін тартып алған. Салдарынан А. және Н. денсаулығына орта деңгейде зақым келген және 235 мың теңгеге материалдық шығын әкелген», — делінген Алматыдағы Жетісу аудандық №2 сотының хабарламасында. 

Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігінің 1, 2-пункттері бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет қарақшылық жасау) айыпты деп танылып, 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.