Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) бармай-ақ, электрондық портал көмегімен алуға дағдылана бастады. Нәтижесінде ХҚО-лар жүктемесі де азайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ел бойынша 341 фронт-офисі (ХҚО) халыққа 621 мемлекеттік қызмет ұсынады, ал 452 қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік корпорация фронт-офистердің жұмысын сараптап, Қазақстанның кейбір аймақтарында ХҚО-лардың жүктемесі азайғанын анықтады. Мәселен, Алматы қаласында Тынышбаев көшесі 3-үй мекенжайында орналасқан, ауданы 75 шаршы метрді құрайтын №2 Түркісіб аудандық бөлімі қосымша кеңсе ретінде ашылған болатын. Штатта 16 маман жұмыс істейтін бөлім 2017 жылы 10 506 қызмет ұсынғанын ескерсек, орта есеппен бір маман күніне 5-6 қызмет көрсеткен. Ал негізгі кеңсе — №1 Түркісіб аудандық бөлімінде былтыр 613 598 мемлекеттік қызмет көрсетілді, яғни, орта есеппен алғанда, бір маман жүктемесі күніне 25 қызметті құрады. Сондай-ақ бұл екі кеңсенің ара қашықтығы бір шақырымға да жетпейді екен. Жүргізілген сараптаманың нәтижесінде республика бойынша жүктемесі айтарлықтай азайған тағы 28 ХҚО анықталды.
Осы негізде штаттық кестенің тиімділігі мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін Қазақстан бойынша 29 фронт-офисті жауып, жұмысшыларды аумақтық құрылымның негізгі бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылданды.
2018 жылғы мамыр айының соңына дейін Жамбыл облысы бойынша мына фронт-офистер қызметін тоқтатады:
Жамбыл облысы
10. Т. Рысқұлов ауданы (Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 105);
11. Шу ауданы (Төле би, Балуан Шолақ, 192);