Жамбыл облысында әскери парадқа соңғы дайындық жүріп жатыр

0 2

Отан қорғаушылар күнін атап өту барысында Отар 40 — әскери базасында өтетін жауынгерлік  шеруге ауқымды дайындық жүріп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Биыл өткелі жатқан әскери шеруде Қарулы күштердің заманауи техникалық жабдықталуы көрсетіледі.

Әскери шеруде майдандық, армиялық және әскери — көлік авияциясы, С — 295 су жаңа әскери — көлік ұшақтары мен СУ  — 30 көп нысаналы жойғыштары ел назарына ұсынылады. Одан басқа, аумақтық қорғаныс әскерлеріне алғаш рет жауынгерлік туды табыс ету рәсімі көрсетіледі.

Қазір Қазақстанның әр өңірінен шеруге арнайы келген әскери қызметшілер әскери палаткаларда тұрып жатыр.

Қазақстанда жауынгерлік шеру екінші мәрте өткізілуде. Биылғы жылғы шерудің ерекшелігі — заманауи қару — жарақ пен әскери техниканы, авияцияны жауынгерлік тұрғыда қолдана отырып, барлау бөлімшелерінің шынайы тактикалық іс қимылдарын көрсету.

Оқу-жаттығу өтіп жатқан сынақ алаңынан Қорғаныс министрлігің өкілдері ақпарат таратпақ. Негізгі спикерлер арасында құрлықтағы әскердің бас қолбасшысы  Мұрат Бектанов, Қарулы күштер бас штабы басшысының орынбасары Әділбек Алдабергенов және «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Дулат Адырбеков бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.