Семейде жергілікті зауытта шығарылған автобустар халықтың игілігіне берілді

0 0

Семейде жаңа 15 автобус жолға шықты. Бір қуантарлығы, техникалар өз елімізде, осы Семейдегі автоқұрастыру зауытында жасалған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап. 

Сапасы жоғары, заман талаптарына сай келеді. Қоғамдық көліктер «Юность» шағын ауданы мен жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Қарағайлы» кенті арасында қатынайтын болады. Қала басшылығы күзден бастап, заманауи көліктердің қатарын көбейтіп, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруды көздеп отыр.

Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі: 

«Өткен жылы 20 автобус қала игілігіне берілген болатын. Биыл тағы бұл үрдіс жалғасын тауып жатыр. Болашақта халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қауіпсіздікті нығайту үшін тасымалдаушыларға жаңа міндеттер жүктеп отырмыз. «Газель» сияқты шағын автобустар мүлдем қолданыстан шығарылады».

Әсемхан Досқожанов, Семей көлік құрастыру зауытының жетекшісі:

«11 мен 10 жарым метр автобустар шығарылып жатыр. Болашақта 9,5 метр, 8 метрлік, 12 метрлік автобустар шығады. Семейге, Шығыс қазақстан облысына 200 автобус шығарамыз ба деп отырмыз. Атырау облысымен сөйлесіп жатырмыз, сол қалаға 200 автобус шығарамыз ба деп отырмыз».

Leave A Reply

Your email address will not be published.