Алдағы жекпе-жекте Головкиннің гонорары қандай болады

0 15

5 мамырда Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен кездескенде 15 есеге артық ақша табатын еді, — деп хабарлайды «Zhambylnews»  АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ-тың «USA Today» газетінің мәліметіне сәйкес, Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкиннің гонорары шамамен 2 миллион доллар болады. Себебі, аталған жекпе-жек HBO-ның ақылы трансляциясы арқылы көрсетілмейді. Күнделікті эфирге шығады. Ол күні Головкин «Канеломен» кездескенде 15 есеге артық, яғни 30 миллион доллар табатын еді. Басылымға сұхбат берген GGG өз гонорарына қатысты пікір білдірді. «Негізі, мен бокстың қаржылық жағына көп алаңдамаймын. Барлық адамдарға да ақшаға деген көзқарасты өзгертуге кеңес беремін. Ақша маңызды емес. Бұл — спорт. Оның үстіне менің айқасқым келіп отыр», — деді Г.Головкин.

Ал GGG-дің промоутері Том Леффлердің айтуынша, 5 мамырда жекпе-жекті өткізбей-ақ, қыркүйекте бірден «Канеломен» кездесуге болатын еді. Алайда Геннадий осы жолды таңдады. «Шыны керек, біз үлкен тәуекелге барып отырмыз. Қыркүйекке дейін шыдай тұрсақ та, болатын еді. Қаржылай жағынан да, жарақат алып қалу жағынан да қауіпсіз болушы еді. Бірақ GGG ондай емес. Ол жекпе-жекті таңдады. Әрине, Геннадий бір нәрсені жақсы түсінеді. Егер 5 мамырда өз қарсыласын жеңе алмаса, онда «Канеломен» кездесе алмайды. Бір ғана соққы бәрін өзгертіп жіберуі мүмкін», — деп атап көрсетті Т.Леффлер.

Абель Санчес те Головкиннің осы бір қасиетін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Геннадий спортты бірінші қояды. «Әрине, спортпен бірге ақшаның да келгені жақсы. Бірақ ол үшін бокс бірінші орында тұрады», — дейді А.Санчес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.