Жамбыл жастары Елордаға сәлем жолдады

0 10

Жамбыл жастары  Тараз төрінде Елордаға арнап   ауқымды  флеш-моб ұйымдастырды. «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінің алдында өткен іс шарада қазақтың рухты әндері қалықтады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап. 

Әсем әуен аясында тербелген жастар арнайы дайындалған қойылымды көрсетті. Мұндағы басты ерекшелік – жастар Астананың 20 жылдығын іс-қимылдарымен бейнелеп, соңында 20 санын өрнектеп берді.

Іс-шараны өткізудегі мақсат – Қазақстанның  бас қаласы Астанаға деген жамбылдықтардың жылы лебізін жеткізе отырып,  жастарды Елорда өркендеуіне өзіндік үлес  қосуға шақыру  – дейді ұйымдастырушылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.