Ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі

0 14

Бүгінгі таңда, Тараз қаласында 53 ардагер мен ҰОС-ның мүгедектері, 2602- ҰОС қайтыс болған азаматтардың жесірлері, ҰОС ардагерлерімен мүгедектеріне теңестірілген ҰОС мүгедектерінің әйелдері, соғыс жылдарында тылда еңбек еткендер тұрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Жыл сайын қалалық әкімдікпен ҰОС ардагерлері үшін газетке тегін жазулар ұйымдастырылады. Биылғы жылғы екінші жартыжылдыққа жазылу жұмыстары жалғастырылды.

Жеңістің 73 жылдығын тойлауға байланысты қалалық бюджеттен ҰОС ардагерлері және мүгедектерінің екінші дәрежедегі банктердегі есеп шоттарына 150000 теңге көлемінде, олардың жесірлеріне 15000 теңге, тылда еңбек еткендерге 15000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек аударылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.