Қазір қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Жеңіс саябағына «Мәңгілік алау» және Халық қаһарманы Б.Момышұлының ескерткіші орнатылады. Мұндағы «Батырлар» аллеясында Жамбыл облысынан шыққан 48 батырдың есімдері жазылған арнайы тақтайшалар орнатылып, Жамбыл облысынан соғысқа қатысушы 105 мыңнан астам азаматтардың тізімі жазылған «Даңқ» аллеясы» орнатылуда, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Қаланың бас көшелерін көркемдеу мақсатында тақырыптық 8 банер, 31 жалаушалар ілінді.
Жеңіс күні мерекесін тараздықтар «Мəңгілік алауды» жаңа орынға көшіруден бастамақ. Сонымен бірге, халық қаһарманы Б.Момышұлы , А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов, «Даңқ» аллеясына гүл шоқтары қойылады. Және Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған жауынгерлерді еске алу үнсіздігі жарияланады.
Қала көшелерінен 2 бағытта әскери — патриоттық бірлестіктердің бастамасымен құрылған «Қаһарман ұлт» жалпы республикалық шеруі ұйымдастырылмақ.
«Жеңіс» саябағында жауынгерлік ботқа берілетін болады.