Алматы облысында құтқарушылар қар жаууының салдарынан батпаққа батып қалған 2 автобусты құтқарды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚР ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖК мәліметіне сәйкес, оқиға 6 мамырда кешкі сағат 17:54-те Алатау ауылдық округінде орын алған.
«Өрт сөндірушілер және апаттық-құтқару қызметі құтқарушыларының күшімен Алматы облысында Mercedes және МАN маркалы екі автобус батпақтан шығарылды. Автобустарда ҚХР-ның 60 азаматы болған», – делінеді хабарламада.
Кешкі сағат 19:30-да автобус Алматы бағыты бойынша қозағылысын жалғастырды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.