9 мамыр Жеңіс күнінің құрметіне орай Astana Taxi ҰОС ардагерлерін тасымалдау үшін 45 автокөлік ұсынады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бұл біздің ұлы мереке туралы естелік пен батырларымызға қосқан кішігірім үлесіміз, олардың даңқы мәңгі жасай берсін!» — деді тасымалдау компаниясының өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Astana Taxi жобасы астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылы 2 мамырда Мемлекет басшысының бірыңғай такси қызметін құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ашылған болатын. Astana Taxi құрамында 380 автомобилі бар 10 ресми тасымалдаушы біріктірілген.