Елімізде бос тұрған ғимараттар мен хостелдер, шағын қонақүйлер жатақханаға айналуы мүмкін. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Пайдаланылмай тұрған нысандарды осы мақсатта кәдеге жаратуға болады. Мұндай ұсынысты кәсіпкерлер білдіріп отыр. Бұл туралы Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы басқармасы төрағасының орынбасары Талғат Матаев баспасөз мәслихатында хабарлады. Айта кетейік, Елбасы бес әлеуметтік бастамасында алдағы 5 жылда 75 мың орындық жатақхана салу жөнінде тапсырма берген болатын.
Талғат Матаев, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
— Мемлекетімізде әр аймақтарда көп хостелдер бар. Кішігірім қонақүйлердің иелері келіп бізге ұсыныс тастап жатыр. Біздің хостелдерді жатақханаға пайдалануға болады. Осыларды біз МЖӘ механизмдері арқылы жоғары және орташа біліммен айналысатын мекемелермен МЖӘ жоба жасап, осында жатақханалар мәселесін шешуге болады деп ұсыныс айттық.