Қазақстан аумағынан Бейжің-Алматы-Санкт-Петербург автошеруі өтеді

0 8

2018 жылы Халықаралық «Жібек жолы» раллиінің (Silk Way Rally) дирекциясы қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан аумағынан екі ірі трансұлттық ралли-марафонын өткізбек, — деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Алдымен «Жібек жолы-2018» халықаралық ралли-рейді жүреді. Оның аясында спорт техникалары мен автомобильдері Сиань қаласында старт алып, Қазақстан аумағынан өтеді. Ал екінші халықаралық ірі ралли — Бейжің-Алматы-Санкт-Петербург автошеруі 2018 жылдың қыркүйегінде өтеді. Онда арнаулы техникалардың жаңа түрлері сынақтан өтеді.

«Жібек жолы» раллиінің дирекциясы қыркүйектегі автошерудің бағдарын әзірлеп жатыр.

Аталған жобалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасы Автомотоспорт федерациясымен ынтымақтастықта ауқымды ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын орындауды талап етеді. Silk Way Rally дирекциясы Қайрат Боранбаев басшылығында «Алмалы» АБК холдингімен тығыз ынтымақтастық жасап отыр.

Еске сала кетейік, 2016 жылы трансұлттық марафон қатысушылары «Жібек жолын» әлемдегі ең қиын жарыс деп атаған болатын. Silk Way Rally бағдары 2016 жылы да Қазақстан аумағынан өтіп, Қостанай, Астана, Балқаш, Алматы қалаларында дамылдаған болатын. Ал 2017 жылы автошеру бағдары Қазақстанның Қостанай, Астана, Семей, Үржар қалаларынан өткен.

Қазақстан аумағынан Бейжің-Алматы-Санкт-Петербург автошеруі өтеді

Leave A Reply

Your email address will not be published.