Қайғылы жағдайдың алдын алуға болады

0 17

Шомылу маусымы кезіндегі халықтың судағы қауіпсіздігі жөнінде жедел- құтқару жасағы семинар өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

2018 жылғы шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздік және жарақаттану кезіндегі көмек көрсету туралы құтқарушы Бақыт Ысқақов және құтқарушы- медбике Ақбота Көмекбаева айтып берді.

Судағы тәртіп және қауіпсіздік шаралары жөнінде жадынама таратылды.

Каналдар мен арнасына су көп мөлшерде жиналған өзендердің жанында болғанда, мүмкіндігінше зер салып, жағалау учаскелерін су шайып, қирау және кенеттен суға құлау мүмкіндігі жоқ жерде суға түсу қажеттігі ескертілді.

Алғашқы көмек көрсету де маңызды. Себебі — жарақатталған адамның өмірі мен патологиялық процестердің одан арғы салдары көбінесе апат болған жердегі алғашқы көмектің көрсетілегн уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты екендігін естен шығармаған абзал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.