М.Дорнфельдт: АЭФ – жаһандық форматтағы оқиға

0 0

Астана экономикалық форумы әлемдегі маңызды диалог алаңына айналып келеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап. 

Неміс саясатшысы Маттиас Дорнфельдт осылай деп есептейді. Германиялық сарапшы елорда төрінде өтетін келелі кеңесті Давос форумымен бір деңгейге қойып отыр.

«Астананың түрлі тақырыпта пікір алмасып, маңызды шешімдер қабылдайтын алаңға айналғаны қашан. Мысалы, осы жерде Сирия келіссөздері өтті. Ал Астана экономикалық форумы — жаһандық форматтағы халықаралық оқиға. Биылғы кеңестің бағдарламасы да өзекті. Дигитализация, баламалы энергетика, азаматтық қоғам секілді тақырыптар төңірегінде сұрақтар қозғалмақ. Форумға келетін қонақтар да өте беделді. Мәселен, осы жолы Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд келмек. Астана экономикалық форумы Орталық Азияның дамуына тың серпін береді деген ойдамын», — деді саясаттанушы Маттиас Дорнфельдт.

Leave A Reply

Your email address will not be published.