Үздік жоба қолдауға ие

0 9

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы өткізілетін болады. Бұл туралы партияның Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арын Асқарбеков мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Байқаудың ұйымдастырушылары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы, барлық облыстар мен қала әкімдіктері, бизнес қауымдастықтары екен.

Бұл шарада бастамашыл әлеуметтік жобалардың авторлары, қоғамдық бірлестіктер және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өз бақтарын сынай алады.

Жалпы бұл байқау 3 кезеңнен тұрады.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу тиісті комиссиямен ағымдағы жылғы 1-15 шілде аралығында өткізіледі. Ал аумақтық кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу тиісті комиссиямен ағымдағы жылғы 16-30 шілде аралығында ұйымдастырылатын болады. Іріктеудің өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын анықталады. Бірінші орын иеленген жеңімпаз комиссия шешімімен байқаудың аумақтық кезеңіне жолданады. Өз кезегінде байқаудың аумақтық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталады. Айта кетерлігі, интернет дауыс беру партия мен Министрліктің интернет ресурсында 20 тамыз – 20 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.