Ол елордадағы бірқатар қонақ үйлер мен Астана халықаралық әуежайында орналасқан, — деп хабарлайды «Zhambylnews» 24kz арнасына сілтеме жасап.
Яғни қонақтар ұшақтан түскен бойда әрі-бері сенделмей, бірден форумға кіруге мүмкіндік беретін бейдждерін ала алады. Айтпақшы, биыл шара қатысушыларына құны 35 және 150 мың теңге тұратын екі түрлі қызметтер пакеті ұсынылады. Екіншісінің біріншісінен айырмашылығы, онда көптеген панельдік сессиялар қарастырылған. Әрі Елбасы қатысатын пленарлық отырысқа да кіруге болады. Ұйымдастырушылар биылғы форумға 5 мыңға жуық адам қатысады деп отыр. Сондай-ақ 700-дей БАҚ өкілі тіркелген.
Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
«Форум аяқталғанға дейін тіркеліп, аккредиттеуден өтуге мүмкіндік бар. Тіпті шараның соңғы күнінде де тиісті қызметтер алуға болады. Біз қатысушылардың барлығына ыңғайлы болу үшін осылай жасадық».
Болат Столяров, Астана экономикалық форумының бас продюсері:
«Қатысушылар Астана экономикалық форумының сайтында тіркелгеннен кейін аккредиттеу орталығына келіп өздерінің бейдждерін алып кетуі керек. Бұл журналистер үшін ғана емес, барлық қатысушыларға қойылатын талап. Аккредиттеу орталықтары таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істейді».