Облыстағы 450 мектептің тәртібі мен білім жүйесі проблемаларына қатысты арнайы форумда айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Өскенбаеваның айтуынша, қамқорлық кеңесі керек ұйымдардың бірі. Былтырдан бері 5 күндік оқу жүйесіне көшіп, оқу кестелері тек мектеп басшысы тарапынан емес осы қамқорлық кеңесімен де санаса отыра жұмысын жүргізеді. Мұғалімге көңілі толмаған ата-ана, оқушылары сыйыспай жүрген мектеп пен қаржы игеру және мектептегі жыры бітпейтін өзге де проблемалар форумда талқыланды.
Жалпы қамқорлық кеңесі ғылым және білім министрлігі тарапынан қадағаланады. Қамқорлық кеңесі бұл қадағалау органы емес, бұл білім процесіне қолдау көрсететін ұйым екенін естен шығармау керек.