Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС жаңа басшыларын тағайындады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Құрманғалиев Әсет Қабиұлы тағайындалды. Ә. Құрманғалиев 2017 жылдың қыркүйек айынан ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды және «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлары кеңесінің мүшесі болды. 1998-2017 жылдар аралығында Ә. Құрманғалиев ҚР Қорғаныс министрлігінде, Астана қ. әкімдігінде, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында және ҚР Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» партиясы фракциясының аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас директоры қызметіне Әбдімомынов Нұржан Құрманбекұлы тағайындалды. Н. Әбдімомынов 2010-2018 жылдар аралығында ҚР СІМ шетелдік өкілдіктерінде еңбек етті: ҚР-ның Португалиядағы уақытша сенімді өкілі, ҚР-ның Гонконгтағы және Макаодағы бас консулы. 2006-2009 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Н. Әбдімомынов Данди университетінің түлегі және қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген.