Жамбыл облысында жас туристер фестивалі өтті

0 7

Облыстық «Еуропа — Азия» туристік фестиваліне мектеп оқушылары қатысты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында болған іс-шараға 10 ауданнан және Тараз қаласынан келген 220 оқушы қатысты.

Олар Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы маңында қазақ — қырғыз шекарасына жақын жердегі «Рауан» сауықтыру лагеріне барып, әсем табиғатты тамашалады. Алатаудың бөктерінде жиылған мектеп оқушылары түрлі спорттық ойындар бойынша жарысып, салауатты өмір салтын дәріптеді. Сонымен қатар, ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды.

Қаратаудан Алатауға жалғасқан өлкеде талайды таңдай қақтырар табиғи баға жетпес байлығымызды әуелі, өскелең ұрпақ көріп, біліп бағалап, санасына сіңіруі үшін ұйымдастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.