Елімізде экоқала пайда болуы мүмкін

0 77

Қазақстанда табиғи таза экоқала пайда болуы мүмкін, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап.

Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунгтің айтуынша, бүгінде Орталық Азияға дәл осындай жоба қажет. Оны жүзеге асыруға Қазақстанның мүмкіндігі мол. Оңтүстік кореялық ғалым Елордада өтетін, Астана экономикалық форумына қатысып, өз ойын ортаға салмақ.

Рае Квон Чунг, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты:

«Сіздерге эко-қаланың өздеріңізге тән жаңа нұсқасын жасауды ұсынамын. Ол өзгелерден ерекше болмақ. Бүгінде Корея және Еуропа елдерінде мұндай үлгідегі шаһарлар бар. Сондықтан табиғи таза қала Орталық Азияға да   қажет. Ерекше климаттық жағдайларыңызды пайдалана отырып, бірегей жобаны іске асыруға әбден болады».

Leave A Reply

Your email address will not be published.